"Бокста мұндай сирек". Сарапшы Головкин есімі Даңқ залына жазылатынына сенімді

Сурет: Fightnews.info
FightSpace жобасының негізін қалаушы Григорий Стангрит қазақстандық боксшы Геннадий Головкинді Даңқ залына қосу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Еш күмәнсіз, иә, Головкин есімі бокстың Даңқ залына жазылады. Чемпион атағын жиырма рет қатарынан жеңу - мұндай бокста өте сирек", - деді Стангрит.

Даңқ залына қосу салтанаты жыл сайын маусымда өтеді. Боксшы оған карьерасын тоқтатқаннан кейін бес жыл өткен соң қосыла алады.