Боксшы Батыр Жүкембаев мәлімдеме жасады

©instagram.com/batyr_jukembaev/

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) Instagram әлеуметтік парақшасында жазба қалдырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Ассалауғалейкум Қазақ Елім! Қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Біз дайындықты қызу жалғастырудамыз. Жуырда жақсы жаңалық күтіңіздер", - деп жазды боксшы. 

Еске салайық, Жүкембаев соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альварестен (28-11, 20 KO) айласын асырды. Отандасымыз қарсыласын 69 секундта нокаутқа түсірді. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport