Бокс кеңесі Головкинге үзілді-кесілді талап қойды

©DAZN

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) орта салмақтағы "суперчемпион" Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) үзілді-кесілді шарт қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA Головкинге міндетті қарсылас белгіледі

ESPN инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, 17 қыркүйекте "Канело" Альваресті жеңе алса, Головкин қай титулды сақтап қалғысы келетінін шешу керек. Міне осыған жауап беруге оған бес күн ғана уақыт берілді.

"Егер GGG орта салмақта қалатын болса немесе "Канелодан" жеңілсе, трилогиядан кейін "суперчемпион" титулын Эрисланди Лараға қарсы 120 күн ішінде қорғау міндет", - деп жазыпты Коппинджер. 

Демек қазақстандық боксшы Альваресті жеңіп, екінші орта салмақта абсолют чемпион атанса да, орта дивизиондағы белбеуіне қатысты бір шешімге келу керек болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport