"Бо...қа тұрмайды...". Головкин артық кеткен журналисті орнына қойды

Сурет: Boxing News

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) рингке оралуына қатысты пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің рингке шығуым жанкүйерлер мен өзім үшін болады. Жақында көрісеміз", - деп жазыпты Головкин твиттерде. 

Соған қоса, Головкин Fox News журналисі Мэтт Ричардсонның постына да жауап берді. Тілші Сауль "Канело" Альваресті америкалық Джермалл Чарлоға қарсы жекпе-жекте көргісі келетінін, ал GGG-мен іс біткен деп жазыпты. 

Головкин күттірмей жауап берді: "Сен не ойлағаның бо...қа да тұрмайды. Мен шынымен бір іс бітіріп жүрген адамдарға ғана көңіл аударғаным дұрыс болар, менің атым арқылы трешток пен хайп жасап жүргендерге емес. Тым жаттанды сөздер".