Биволдың бапкері Бетербиевпен айқасқа қатысты мән-жайды айтты

©sport24.ru

Жартылай ауыр салмақта WBA Super чемпионы Дмитрий Биволдың бапкері Геннадий Машьянов титулды айқасында нокаутпен жеңіске жеткен Артур Бетербтиевпен жекпе-жек өткізу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды MMA.Metaratings.ru.

Бетербиев кейінгі кезедсуінде Джо Смитті жеңіп, WBC, IBF және WBO чемпионы атанды.

"Жағдай былай Боб Арум (Бетербиевтің промоутері) Энтони Ярдпен жекпе-жек туралы хабарлап қойды. Бұл WBO бойынша міндетті қорғау. Менің білуімше, бұл шешіліп қойған. Арум Бетербиев - Бивол айқасын DAZN стримингіне бергісі келмейді. Ал DAZN өз кезегінде оны ESPN арнасына беріп қойғысы келмейді. 

Көп ақша салынатын сияқты. ESPN мұнша қаржы шығара алмайды, ал DAZN ондайға дайын. Бетербиев пен Бивол кездесуі Америкада ешкімге қызық емес. Канада? Онда да ешкім онша төлемейді. Ал Ресей туралы сөз де жоқ. Біріншіден бізде титулды айқас өткізілмейді. Екіншіден бұл жекпе-жекке демеушілер табылмайды", - дейді бапкер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport