"Бибосыновпен бетпе-бет келуім мүмкін". АЧ-де шетел атынан шығатын қазақ боксшы

©instagram.com/makhmetov.azat

Бокстан Қазақстан чемпионы, ал қазір Бахрейн атынан өнер көрсететін Азат Махметов Vesti.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында неге басқа елдің намысын қорғайтынын айтты. Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатында ол Қазақстан құрамасының боксшысы Сәукен Бибосыновпен жекпе-жекке шығып қалуы да мүмкін екен. 

- Турнир кестесінде Сәкен Бибосыновқа қарсы түсіп қалуыңыз ықтимал. Ол Олимпиада жүлдегері және осы жарыс фавориттерінің бірі. Онымен бұрны рингте кездесіп көріп па едіңіз?

- Иә, Бибосыновпен жартылай финалда бетпе-бет келіп қалуым мүмкін, егер екеуміз де ол кезеңге жете алсақ. 2019 жылы Конфедерация кубогінде онымен айқасқанмын. Сәкен 3:2 есебімен басым түсті. Бірақ мен ол уақтта екі раундта жеңдім деген сенімде болдым. 

- Бахрейн құрамсының сапына өту туралы шешімді қашан қабылдадыңыз?

- Қазақстан құрамасында бәсеке өте жоғары, бір мен екінші нөмірлі боксшы теңдей деңгейде. Менің салмағымда да анық фаворит бар. Жасым 31-ге келді, отбасым құрғаныма сегіз жыл, екі балам - ұл мен қызым бар. Сондықтан өз мақсаттарыңа қарай жүріп, біздің жігіттердің желкесіне тұрудың қажеті жоқ. Осы себепті басқа ұсыныстар іздей бастадық. Бахрейннің барлық шартты қанағаттандырды да, ұсынысты қабыл алдық. Әзірге күштің барында бокста жетістікке жеткім келеді. 

- Бахрейнмен келісімшарт қандай, кім жаттықтырады?

- Халықаралық аренада өнер көрсететін оларда мен ғана. Келісімшарт бір жылға жасалды. Онда Англиядан келген маман жаттықтырады. Қазақстанда жеке бапкерім Марат Манашев көмектеседі. Жаздан бері Бахрейн атынан Еуропада екі халықаралық жарыста жеңімпаз болдым. Ендігі мақсатым Азия чемпионаты. 

- Қазақстан құрамасы боксшыларынан не күтесіз, оларға не тілейсіз?

- Тек жеңіс, біздің құрама Азия көшбасшысы атана алады.

Еске салайық, Азат Махметов - Атбасар бокс мектебінің түлегі. 2015 пен 2016 жылдар аралығы "Астана Арландары" сапында болған. Жастар арасында Қазақстан чемпионы, ересектер арасында күміс жүлдегер. Венгрия, Польша, Таиланд, Сербия және Финляндияда өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері. 2017 жылы Бакуде өткен Ислам ойындарының жеңімпазы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport