Бибосынов пен капитан. Әлем чемпионатындағы қазақ боксшылардың айқастарына тікелей трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 1 қараша Белградтағы әлем чемпионатының 1/8 финал жекпе-жектері өтеді. Рингке Қазақстанның алты боксшысы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) үндістандық Рохит Мормен жұдырықтасады, жекпе-жек 18:15-те басталады.

Абылайхан Жүсіпов (67 келі) польшалық Дамиан Дуркачпен, ал Нұрқанат Райыс (75 келі) ауғанстандық Сулиман Асламимен айқасады. Бұл кездесулер 19:30 және 20:00-де өтеді.

Кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51 келі), Санатәлі Төлтаев (63,5 келі) және Нұрбек Оралбай (80 келі) рингке шығады. Олардың қарсыластары - үндістандық Дипак, украиналық Денис Песоцкий және мажарстандық Пал Ковач. Бұл жекпе-жектер 23:00, 00:45 және 01:15-ке жоспарланған.

Qazsport бұл жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport