Бесеуі де шығады. Қазақ боксшылардың әлем чемпионаты ширек финалындағы айқастарына тікелей көрсетілім

©ҚФБ

Бүгін, 4 қарашада Белградта (Сербия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz. 1/2 кезеңде рингке бірден бес қазақстандық боксшы шығады. 

18:00-де басталатын күндізгі сессияда үш боксшымыз өнер көрсетеді. Осылайша, Теміртас Жүсіпов (48 келі) белоруссиялық Евгений Кармильчикпен, Махмұд Сабырхан (54) үндістандық Акаш Кумармен, ал құрама капитаны Абылайхан Жүсіпов (67) жапониялық Севонрец Окадзавамен айқасады.

23:00-дегі кешкі сессияда Сәкен Бибосынов (51) тайландтық Танарат Саенгфетпен, ал Серік Теміржанов кубалық Освел Кабальеро Гарсиямен финалға жолдама үшін таласады. 

Qazsport жекпе-жектерді тікелей көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Показать комментарии