"Бекзат Саттарханов атамауға болмас". Левит Қазақстан тарихындағы ең мықты боксшыларды атады

Сурет: Olympic Channel
2016 жылғы Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит Vesti.kz порталының Instagram желісіндегі тікелей эфирінде қазақстандық ең мықты бес боксшыны атады. 

"Серік Сәпиев. Құрамада кездестік, онымен бірге жаттығып үлгердім. Ол ісіне толықтай беріледі, біздің спортымыздың жанкүйері десе болады. 

Әлбетте Геннадий Головкин. Мен үшін және бүкіл Қазақстан үшін ол үлгі деуге болар. Супер жұлдыз бола алаудың үлгісі. Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде.

Бахтияр Артаев. Олимпиада чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері. Василий Жиров бар. Әрине Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты атап өтпеуге болмайды. Міне осындай бестік.

Ал шындап қарасаң Қазақстанда талантты боксшылар көп. Оларды тоқтаусыз атай беруге болады", - дейді Левит.