Бекзат Нұрдәулетов титулды жекпе-жекте голландиялық кикбоксшымен айқасады

©GoodFight

Әуесқойда әлем чемпионы болған жартылай ауыр салмақтағы қазақ боксшы Бекзат Нұрдәулетов (3-0, 1 КО) кәсіпқойдағы титулды жекпе-жекте нидерландылық Чико Куасимен (5-0-1, 2 КО) жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, он раундқа есептелген айқас 5 ақпан Ақтауда өтеді. Бұл кездесуде World Boxing Organisation Youth титулы сарапқа салынады. Бұл Бекзаттың кәсіпқойдағы алғашқы титулдық айқасы болмақ. 

23 жастағы қазақ боксшы кәсіпқой карьерасын 2020 жылы бастап, бірінші айқасында Ибрахим Маоколаны нокаутқа түсірген. Кейін Бекзат тағы екі жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен басым түсті. 

Ал Куаси кәсіпқой боксқа 2019 жылы келді. Чико барлық жекпе-жегін Нидерланды, Бельгия мен Германияда өткізді. Ал боксқа дейін голландиялық спортшы кикбокста өнер көрсеткенін айта кетейік. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport