Батыр Жүкембаев келесі кездесуін Лас-Вегастағы бокс кешінің андаркардында өткізуі мүмкін

©

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) келесі кездесуін WBC белбеуінің иегері мексикалық Оскар Вальдес (30-0, 23 КО) пен WBO чемпионы америкалық Шакур Стивенсон (17-0, 9 КО) арасындағы айқас андеркардында өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 30 сәуір күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Қазір ұйымдастырушылар Жүкембаевтың командасымен келіссөз өткізуде. 

Еске салайық, Жүкембаев соңғы кездесуін мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-11, 20 KO) өткізіп, жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport