Батыр Жүкембаев 20 нокауты бар мексикалықпен жекпе-жекке шығады

6 желтоқсан 2021 09:19
©Eye of The Tiger Management

Бірінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (18-1, 14 KO) келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, қазақ боксшы 35 жастағы мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альвареспен (28-10, 20 КО) жұдырықтасады.

Алты раундқа есептелген айқас 11 желтоқсан АҚШ-тың Спрингфилд қаласында өтеді.

Еске салайық, 30 жастағы Жүкембаев мамырда Америкадағы бірінші жекпе-жегін пуэрториколық Сабриэль Матиасқа (17-1, 17 KO) қарсы өткізіп, карьерасында алғаш рет жеңілді. Кейін ол Eye of The Tiger Management компаниясымен келісімшартын үзді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport