Батыл болжам. Головкин-"Канело" айқасы немен бітетіні айтылды

©HBO Boxing

Жартылай ауыр салмақтағы боксшы Дэвид Бенавидестің (25-0, 22 КО) әкесі әрі бапкері Хосе Бенавидес мексикалық Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) ресейлік Дмитрий Биволды (19-0, 11 КО) да, қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) де оңай жеңетінін айтады, деп хабарлайды fightnews.info.

"Канело" Бивол мен GGG екеуін де жеңеді деп ойлаймын. Альварес бірден екі айқасқа келісімшарт жасағаны Дэвидтен қашып жүргенін білдіреді. Демек бізге құрмет бар және бәрін дұрыс істеп жатырмыз. Бұған қуаныштымыз. Егер ол Дэвидті оңай қарсылас көрсе, Йылдырыммен шыққандай жекпе-жекке оңай келісер еді. 

Бивол белсенді болмады, ал кейінгі айқасында нашар көрінді, сондықтан, Альварес оңай жеңеді. Ал Головкин бабынан тайды. Қателескенім жақсы еді, GGG осы жекпе-жекте бұрынғы өнерін көрсете алғанын қалар едім, алайда, олай болмас. Сондықтан Саульде бұл екі кездесуде еш қиындық болмайды. 

"Канелоны" Matchroom Boxing компаниясымен келісімшарт жасауымен құттықтау ғана қалды. Бұл Чарло және Дэвидпен салыстырғанда жеңіл айқастар", - дейді маман.

"Енді көреміз". "Канело" Головкиннен өш алмақ

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport