Басты бәсекелес өзбектер. Қазақстан боксшыларының финалдағы қарсыластары белгілі

©AIBA

Азия чемпионатында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық боксшылардың финалдағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстанның ерлер командасынан турнир алтыны үшін бірден 9 боксшы айқасады. Ал олардың бесеуінің қарсыласы көрші Өзбекстан елінен. 

Финалдық айқастар сенбі, 12 қарашада өтеді.

Шешуші айқастағы жұптар мынадай:

48 келі, Санжар Тәшкенбай - Аратаке Кадзума (Жапония)

51 келі, Сәкен Бибосынов - Хасанбой Дусматов (Өзбекстан)

54 келі, Сабырхан Махмұт - Карло Паалам (Филиппин)

57 келі, Серік Теміржанов - Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

67 келі, Дулат Бекбауов - Бунджонг Синсири (Таиланд)

71 келі, Асыланбек Шымбергенов - Зеяд Ишайш (Иордания)

75 келі, Нұрқанат Райыс - Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан)

92 келі, Айбек Оралбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан)

+92 келі, Қамшыбек Қоңқабаев - Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport