"Басқаша болмайды!". Промоутер "Канело" - Головкин жекпе-жегі өтетін уақытты айтты

16 қыркүйек 2019 08:33
© talksport.com
Қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жек келесі жылы өтеді. Бұл туралы DAZN жүргізушісі Крис Манникспен сұхбат кезінде Golden Boy Promotions компаниясының негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя мәлімдеді. 

"Головкин келесі жылғы қарсыластардың бірі болады. Басқаша болмайды! Әлбетте, адамдар бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Бүкіл әлем тамашалағысы келеді. Головкин бұған лайықты", -дейді промоутер. 

Трилогия биыл күзде өтуі мүмкін еді, алайда, Альварес одан бас тартып, осыдан кейін рингке оралуын мүлде шегеріп тастады.