"Басқа деңгейдемін". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутқа түсіруге уәде берді

©twitter.com/qazaqstyle

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы дивизионда WBO чемпионы америкалық Деметриус Андрадені (31-0, 19 КО) нокаутқа түсіретініне сенімді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жәнібек "твиттер" желісінде өзіне сенетіндерге алғыс білдірді.

"Твиттерде менімен Андраде арасындағы жекпе-жекке қатысты сарапшылар, журналистер мен жанкүйерлер пікірін оқимын. Көп адам маған сенеді екен. Сіздерге рахмет! Менің айтқым келетіні, мен оны нокаутқа түсіремін! Қазір басқа деңгейдемін", - дейді Әлімханұлы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport