"Бәрін сабайды". Жеңіл салмақта әлемдегі ең мықты боксшы кім екені айтылды

©Top Rank

Жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфорд (39-0, 30 КО) екі дивизионда чемпион болған Шакур Стивенсонды (20-0, 10 КО) жеңетін боксшы жоғын айтады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты vRINGe.com порталына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда Шакур жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүр. 

"Өздеріңіз де білесіздер. Шакур бәрін сабайды. Қарсыласы кім болса да бәрібір. Ол жігіт ерекше. Ол әрбір боксшыға икемделе алады. Шакур қалай алға жүретінін, қалай соққы алмасатынын көрдік. Қалай қозғалатынын байқадық, қорғанысы да мықты екеніне куә болдық. Шакур қай жағынан алсақ та керемет", - дейді ол. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport