Бапкер Головкиннің зиянды кемшілігін атады

©Instagram

Америкалық бапкер Абель Санчес қазақстандық Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жасы мен алдағы жекпе-жекте жеңу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды vRINGe.com.

9 сәуір Головкин WBA "супер" титулына ие жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) айқасады. GGG жеңген жағдайда қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен (57-1-2, 39 КО) жұдырықтасады.

- Геннадий үшін тағы бір кедергі - оның жасы. Бұл сізді алаңдатып отыр ма? Сонымен қоса, ол ұзақ уақыт жұдырықтаспады. Үлкен үзіліс пен жасы.

- Ол кәсіпқойға жалпы кеш ауысты. 26-27 жасында өтті, сондықтан одометрі жүретін мильдер бар деп көрсетпейді, басқа жігіттердегідей емес. Алайда ол қазір не істеп жатыр? Ол өзіне қиын жекпе-жектер жасап отыр, бұл айқастарға шықпау керек еді. Дегенмен ол әлі де Геннадий Головкин. Ол ғаламат спортшы, тамаша панчер және онымен жұдырықтаса алатын бірнеше жігіт қана бар. Жалғыз ғана жағымсыз тұсы, ол көбірек соққы өткізіп жүр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport