Әзілдің уақыты бітті. Жәнібек Әлімханұлы титулды айқас алдында соңғы ескерту жасады

©instagram.com/janibek_alimkhanuly/

Орта салмақтағы қазақ боксшы Жанібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желіде кезекті пост жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл хабарлама жеңіліс көрмеген келесі қарсыласына арналған сияқты. 

Қазақ боксшы орта дивизион чемпионы америкалық Деметриус Андрадемен (31-0, 19 КО) жұдырықтасуға үміттенген еді, алайда, WBO оның орнына Эскива Фалькаомен (29-0, 20 КО) ұйымның "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жекті белгіледі. Содан бері бразилиялық пен Жәнібек әлеуметтік желіде тістесіп келеді. 

"Жігіттер мен қалжыңды ұнатпаймын. Егер жеңіл жұмыс десем, демек оңай болады. Әлемнің екі экс чемпионын жеңдім. Олармен жекпе-жек алдында нокаутқа түсіретінімді айтқанмын. Солай істедім. Мен өзімді жақсы білемін. Өзіме толық сенімдімін. Кез келгенін сабаймын", - деп жазыпты "твиттерде" Жәнібек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport