Азия чемпионының кәсіпқойдағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Сурет: ҚБФ
Бокстан Қазақстан құрамасынан кетіп, кәсіпқой боксқа ауысқан Азия чемпионы Тұрсынбай Құлахметтің бірінші қарсыласы кім болатыны анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Құлахмет 18 шілде MTK KAZAKHSTAN ұйымдастыруымен өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы да қазақстандық боксшы Сағадат Рахманқұл (6-1-0 4 КО) болады. Кейінгісі бұрынырақ белгілі Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартта болған. 

Осы бокс кешінде кәсіпқой рингке алғаш рет жастар Олимпиадасының жүлдегері Талғат Шәйкен де шығады. Оның қарсыласы да қазақстандық Берікбай Нұрымбет (5-0, 1 KO) болады.