Азия чемпионатындағы Қазақстан боксшыларының бірінші жекпе-жектеріне тікелей трансляция

Әбілхан Аманқұл. Сурет: Olympic.kz

Бүгін, 24 мамыр Дубайда бокстан Азия чемпионатының жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін Қазақстан құрамасынан рингке Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Закир Сафиуллин және Әбілхан Аманқұл шығады.

Бұл жекпе-жектерді Қазспорт арансы тікелей көрсетеді. Басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 20:00. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді.

1/8 финал кездесулері 27 мамырда, ал келесі күні ширекфинал. Жартылай финал мен шешуші айқастар 30-31 мамырға белгіленген.