Әйгілі Флойд Мейвезер рингке оралатынын мәлімдеді

© telegraf.com.ua
Бес салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы америкалық Флойд Мейвезер карьерасын жандандырады. Бұл туралы боксшының өзі Instagram желісінде мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, мұның алдында америкалық боксшы 2020 жылы жекпе-жек өткізетіні туралы хабар тараған еді. 

"Зейнеткерліктен 2020 жылы ораламын", - деп жазыпты ақпанда 43 жасқа толатын Мейвезер.