Айдос Ербосынұлы "Канеломен" спарринг қалай өтіп жатқанын айтып берді

©instagram.com/yerbossynuly_aidos

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) Instagram парақшасында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (57-1-2, 39 КО) залында жаттығу жұмыстары қалай өтіп жатқанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ербосынұлы "Канелоға" жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы өтетін кездесуге дайындалуға көмектесуде. Бұл айқас 7 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді. 

Қазақстандық боксшы спаррингтердің барлығы жабық өтіп жатқанын және видеоға түсіруге мүмкіндік жоқ екенін айтты. 

"Бүгін "Канеломен" алтыншы спарринг болады. Әрине, спаррингті көрсеткім келеді. Бірақ видеоға түсіруге болмайды. Сондықтан өзіміз де мен қалай жұмыс істеп жатқанымды көре алмаймыз. Сәттілік", - деп жазды Ербосынұлы. 

Айта кетейік, қазақстандық боксшының өзі кубалық Давид Моррелмен (6-0, 5 КО) өтетін кездесуге дайындалуда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport