Айбек Ооралбай Қазақстан құрамсына үшінші алтын жеңіп алды

©olympic.kz

Қазақстандық боксшы Айбек Оралбай Пхукетте өтіп жатқан Thailand Open турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

91 келідегі алтын үшін айқаста Айбек тайлық боксшы Джаккапонг Йомхотты төрешілер шешімімен жеңді.

Мұның алдында Серік Теміржанов пен Нұрбек Оралбай қоржынға алтын салса, Мусинов пен Асыланбек Шымбергенов финалда есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Айбек Оралбай 2021 жылы Сербияда өткен әлем чемпионатында Василий Левиттің орнына барған болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport