Ауыр салмақтағы қазақстандық нокаутшы келесі жекпе-жегін Мәскеу төрінде өткізеді

Жан Кособуцкий. Суретті боксшы ұсынды
Ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкий (10-0, 9 КО) қыркүйекте Ресейде жекпе-жек өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

30 жастағы Кособуцкий карьерасын 2017 жылы қыркүйекте бастаған. Осы уақытқа дейін ол үш елде өнер көрсетті: Беларуссияда сегіз және бір реттен Ресей мен Украинада жұдырықтасты.

- 16 қыркүйек Мәскеудегі Korston Club шаршы алаңында жұдырықтасамын. Қарсылас кейін белгілі болады, - дейді Кособуцкий.

- Дайындық қайда өтеді? Неше раунд?
- Үйде жаттығамын. Алты раунд.

Әзірге бұл бокс кешіне қазақстандық боксшыдан бөлек рингке шығатын бір ғана спортшының есімі белгілі - жартылай орта дивизионда өнер көрсететін 23 жастағы ресейлік Сережа Акопян (4-0, 1 КО).

Айта кетейік, Кособуцкий соңғы рет сәуірде жұдырықтасып, екінші раундта венесуэлалық Карлос Окандоны (21-9, 17 КО) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.