Ауыр салмақтағы әлем чемпионы қарсыласының миллиондаған соммалық келісімшартына ашуланды

13 қыркүйек 2019 17:40
© news.sportbox.ru
Ауыр салмақта WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер бұрынғы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюриді кезекті рет сынады, - деп хабарлайды sports.ru порталы boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

"Фьюри ESPN-мен 100 миллион долларлық келісімшартқа қол қойды? Былжырақ. Ол 100 миллион алмайды. 80 миллион де алмайды. Тіпті 70 миллионды да көрмейді. Мұны оның промоутері Боб Арум айтты.

Фьюри - қоян жүрек. Өмірімде мұндай қорқақты көрген емеспін. ", - дейді Уайлдер.

Еске салайық, Фьюри мен Уайлдер 2020 жылдың 22 ақпанында қарымта жекпе-жек өткізеді. Бірінші кездесу тең аяқталды.