"Атын бүкіл әлемге шығарады". Eye of the Tiger Management басшысы "Қазақ жауынгері" туралы

Сурет: Eye Of The Tiger Managment©

Канадалық Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясының басшысы Камил Эстефан қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке сенімі туралы айтты. Қаңтар соңында жеңілмеген қазақстандық төрт титул шін жұдырықтасады. 

"Садриддинге қатты сенеміз. Оған осынша белбеу сарапқа салынатын жекпе-жек ұсынғанымыз да осы себептен. Бұл оның атын бүкіл әлемге шығарады. Әлеуеті өте жоғары. 

2021 жылды жақсы бастаймыз. Бокс жанкүйерлеріне көптеген титул тігілетін үлкен шоу ұсынамыз", - дейді Эстефан journaldemontreal басылымына берген сұхбатында.