Атақты Майк Тайсон және Рой Джонс жекпе-жек үшін қанша алатыны айтылды

Сурет: Fightnews.info

Аңызға айналған америкалық кәсіпқой боксшылар Майк Тайсон және Рой Джонс 29 қарашада өтетін жекпе-жек үшін қанша гонорар алатыны белгілі болды,- деп хабарлайды Vesti.kz

Yahoo! Sports журналисті Кевин Айолдың мәліметінше, Тайсон бұл кездесу үшін он миллион, ал Джонс шамамен үш миллион доллар алады.

Еске салайық, 54 жастағы Тайсон мен 51 жастағы Джонс АҚШ-тың Карсон қаласында өтетін "Аңыздар айқасы" атты шоуда сегіз раундтты жекпе-жекке шығады. WBC ұйымы жеңімпазға арнайы белбеу дайындады.