"Ашуына тиді". Промоутер "Канело" - Головкин айқасында не болатынын айтты

©Reuters

Промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО)  үшінші айқасқа қаншалықты дайын екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Геннадий бұған "Канелодан" мықты екенін дәлелдеудің тағы бір мүмкіндігі деп қарайды. Меніңше, бірінші жекпе-жекте жанкүйерлердің көбі және БАҚ өкілдері мұны байқады. 

Екінші айқаста тең нәтиже тіркелгенде, Головкин белбеулерін сақтап қалар еді. Бұл әділетті болар еді деп есептеймін, маған салса, Головкин ол кезде де басым болды. "Канело" екінші жекпе-жекте титулдарды алып кетті, міне бұл Геннадийдің ашуына тиді. Енді ол Вегаста өзін қайта дәлелдеуге мүмкіндік алды", - деп береді Леффлердің сөзін Fighthype.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport