Аса ауыр дивизион нокаутшысы бұрынғы абсолют чемпион Александр Усикті менсінбей отыр

© mmaboxing.ru
Супер ауыр салмақтағы WBC чемпионы америкалық Деонтей Уайлдер (41-0-1, 40 KO) бірінші ауыр салмақта әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Александр Усиктің (16-0-0, 12 KO) жаңа салмақтағы алғашқы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Украиналық боксшы 12 қазан Чикагода аса ауыр дивизиондағы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Украиналық боксшы голландиялық Тайрон Спонгпен (14-0-0, 13 KO) жұдырықтасады.

"Александр Усик мен үшін қауіп төндірмейді. Ол тым кішкентай. Ол көп қозғалады және тағы сондай, бірақ, ол мені алаңдатпайды" - дейді Уайлдер.

Ауыр салмақтағы әлем чемпионы қарсыласының миллиондаған соммалық келісімшартына ашуланды

Уайлдердің өзі 23 қараша Лас-Вегаста кубалық Луис Ортиспен (31-1-0, 26 KO) қарымтаға шығады. Бұл оның оныншы рет титул қорғауы.