"Аризона рұқсат берсе титулды болады". Елеусіновтің менеджері алдағы жекпе-жектің мән-жайын айтты

© zimbio.com
Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) менеджері Зия Алиев Олимпиада чемпионының алдағы жекпе-жегі туралы мән-жайды айтып берді. 

Еске салайық, 28 жастағы Елеусінов 20 желтоқсан Финикс қаласындағы Talking Stick Resort арнеасындағы Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) пен Хулио Сезар Чавес (51-3-1, 33 КО) жекпе-жегінің андеркартында жұдырықтасады. Қазақ боксшының қарсыласы бұрын WBC Continental Americas белбеуін иеленген 28 жастағы амеркиалық Алан Санчес (20-4-1, 10 КО). Жекпе-жек форматы 10 раунд.

- Қарсылас жақсы. Бізге өте ұнады. Даниярды жоғары көтеретін тағы бір баспалдақ. Санчес келісімшартқа қол қойды. Бір ғана қиындық, ол қажетті салмаққа түсе алмай қалуы мүмкін. Ұзақ демалған еді. Бәрі жақсы болады деп үміттенеміз, - дейді менеджер.  

- Неге Санчес таңдалды?
- Уақыт тақалғанда промоутер алу керек қарсыласты ұсынады. Санчес - бұл тамаша нұсқа. ТОП тізімде жоқ болғанымен, жақсы боксшы. Мықты жекпе-жектер өткізген, тәжірибесі бар. Соныдқтан Алан Санчес дегенде біз қарсы болмадық. Данияр бұл жекпе-жекте тәжірибе жинай алады. 

- Жекпе-жек титулды бола ма?
- Қазір титул таңдап жатырмыз. Комиссия боксшының бірі ұзақ демалған жекпе-жектерге онша бара бермейтінін ескеру керек. Аризона шешімін күтеміз - рұқсат берсе, жекпе-жек титулды болады.