"Әрдайым нокаутпен жеңеді". Канадалық маман қазақстандық боксшыға жоғары деңгейге өту керегін айтады

© Eye of the Tiger Management
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедовке (10-0, 9 КО) жоғары деңгейге өтетін уақыт келді. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында канадалық сарапшы Филипп Сен-Мартен осындай пікір білдірді. 

WBC "жастар" чемпионы титулына ие Ахмедов келесі жекпе-жегін аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-5-2, 7 КО) өткізеді. Кездесу 7 желтоқсан Монреальда. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде рингке орта салмақта IBF чемпионы Давид Лемье (40-4, 34 КО) алғаш рет екінші орта салмақта украиналық Максим Бурсакамен (35-5-2, 16 КО) жұдырықтасады.

"Лемьенің бокс кешінде ине шаншар орын болмайтынына сенімдімін. Андеркард та тамаша жиналған, оның ішінде ең жарқын жұлдыз Садриддин Ахмедов .Бұл боксшы үнемі шоу көрсетеді. Ол соққысы мықты жақсы боксшы. Көреремендер оны жақсы көреді. Әрдайым нокаутпен жеңеді. Канадада оның нокауттарына үйреніп қалған. Мен оның деңгейі өскеніне сенімдімін. Келесі жылы жоғары санатқа көтеріледі деген ойдамын", - дейді Сен-Мартен.