Апперкот. Тайсон Фьюри қарсыласын бір соққымен есінен тандырды

©MMA Junkie

Британиялық боксшы Тайсон Фьюри ауыр салмақта WBC титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Фьюридің отандасы Диллиан Уайтпен жекпе-жегі Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті.

Бұл кездесу 12 раундқа есептелген болатын, алайда Фьюри алтыншы раундта қарсласын есінен тандырды.

Тайсон үшін бұл карьерасындағы 32-ші жеңіс және 23-ші нокаут. Уайт болса үшінші рет жеңіліп тұр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport