Аңыздың ізімен. Әлімханұлының кейінгі айқастағы байқалмай қалған әрекеті айтылды

©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық боксшының командасы Жәнібек Әлімханұлының (12-0, 8 КО) кейінгі айқасында киген шортыға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жекте Жәнібек британиялық Дэнни Дигнумды (14-1-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа түсірді.

"Көп адам байқамай қалуы мүмкін. Жаза кетейін. Біз бұл жолы жекпе-жекке басқа шорты таңдадық. Көп боксшылар әдетті жылтыр, дизайны келіскен шорты киеді. Тв-ға зор көрінеді. Дұрыс-ақ. Біз де өткен шоуларда сондай кидік. Бірақ бұл жолы өте қарапайым стильде, ақ-қара түсті шорты тіктірттік. Мұхаммед Әлидікіне ұқсасын, “олд скул” шорты болсын дедік.

P.S. Бүгін Топ Ренк бір фото жіберіпті. Ашып қарасам ринг үстінен түсірілген екен. Мұхамед Әлидің де осындай фотосы бар еді деп осында салып қойдым. Әли сияқты QAZAQ STYLE да аңыз болсын!" - делінген фотоға жазбада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport