Андраде қашса. Жәнібек Әлімханұлы WBO белбеуі үшін кіммен айқасатыны айтылды

23 желтоқсан 2021 11:13
©lasvegassun.com

AsianBoxing.info порталы Деметриус Андраде (31-0, 19 KO) чемпиондықтан бас тартса, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) WBO белбеуі үшін кіммен жұдырықтаса алатынын пайымдады, деп хабарлайды Vesti.kz.

WBO Әлімханұлының әлем чемпионымен жекпе-жегіне қатысты шешім қабылдады

"Промоутерлік сауда белгіленгенімен, Андраде титулдан бас тартуы мүмкін. Осылайша, ол суперорта салмаққа ауысып, онда WBO желісі бойынша рейтингі жоғары үміткерлердің бірі атанады. Бұл америкалыққа мықты айқастарға жол ашады, ал Әлімханұлы бос қалған белбеу үшін Хайме Мунгия немесе Эскива Фалькаомен жұдырықтаса алады. Фалькаомен жекпе-жек ұйымдастыру тіптен оңай", - деп жазады басылым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport