Америкалық журналист Жәнібек Әлімханұлының Головкиннен артықшылығын атады

Сурет: Ringtv.com ©
Америкалық Delcotimes.com порталының редакторы Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында орта салмақтағы Жәнібек Әлімханұлының (9-0, 5 КО) өзге қазақстандық боксшылардан артықшылығын айтып берді. 

"Әлімханұлы - әдеттегі емес шығыс боксшысы. Головкин және Қазақстанның өзге жігіттері тым қарапайым. Әлімханұлы болса - жаңа буын өкілі. Ол жас, жарқ етер, өзіне назар аудара алады. Міне, басқаларына жетпей тұрған осы қасиеттер болар. 

Оның кейінгі жеңісі Әлімханұлы айтып қана қоймай, істей алатынын да көрсетті. Бұл тамаша үйлесім, өз жемісін беретіні сөзсіз. Оның болашағы зор, бастысы - өзінің мықты жақтарын ұтымды пайдалану", - дейді МакКаферри.