Америкадағы бокс кешінде. Қанат Исламның келесі жекпе-жегі белгіленді

22 желтоқсан 2021 11:36
©facebook

Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегінің уақыты белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Қанат рингке 21 қаңтарда шығады. АҚШ-тың Плант-Сити қаласында өтетін жекпе-жек он раундқа жоспарланған. Алайда қарсыластың есімі әлі аталған жоқ.

Кейінгі рет қазақ боксшы Майамиде жұдырықтасып, эквадорлық Джейсон Минданы (14-4-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport