Америка чемпионы атаған қазақстандық боксшы келесі айқасқа дайындалуда

© Vesti.kz
Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевтің (14-0, 7 КО) рингке шығатын уақыты белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Сәуірде жекпе-жек, жақсы жаңалық күтіңіздер", - деп жазыпты боксшы Instagram желдісінде жариялаған жаттығу видеосының астына. 



Әшкеев кейінгі рет 9 қараша АҚШ-тың Гавайан Гарденс қаласында жұдырықтасып, аргентиналық Родольфо Мартинесті (43-9-3, 16 КО) нокаутпен жеңген. Жекпе-жек кезінде қазақстандық боксшы қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді де, аргентиналық алтыншы раундқа шығаудан бас тартты. 

Осылайша, Әшкеев WBC (USNBC) тұжырымы бойынша бірінші орта салмақта Америка чемпионы титулын жеңіп алды.