Альваресті 69 секундта құлатқан Жүкембаевтың келесі қарсыласы анықталды

13 желтоқсан 2022 19:29
©Vesti.kz

Батыр Жүкембаевтың (19-1, 15 KO) қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

24 желтоқсанда Алматыдағы бокс кешінде Жүкембаев оңтүстік африкалық Холани Мкотелимен (19-7, 12 KO) қолғап түйістіреді. Екі спортшы кештің басты айқасында WBC Asia белбеуіне таласады.

Батыр Жүкембаев соңғы рет рингке өткен жылдың желтоқсанында Канаданың Монреалінде шығып, мексикалық Хуан Хосе Мартинес Альваресті 69 секундта құлатқан еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport