Альварес чемпиондық белбеуден айырылып, Головкинге жол ашты

© vRINGe.com
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестен (52-1-2, 35 КО) титулды алып қойды. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді.

Мұндай шешімнің себебі Альварестің чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмауы болды. 

"Канело" дедлайн аяқталысымен белбеуден айырылды - мексикалық бейсенбіге дейін келісімшарт жасасу керек еді. Коппинджердің сөзінше, боксшылардың командалары қаржы жағынан келісе алмаған.




Ендігіде IBF бос қалған белбеуді Деревянченко мен ең ықтимал қарсылас қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегінің жеңімпазына тағады деп болжануда. Мәлімет көздерінің ақпаратынша, бұл екі боксшы келісімге келе алады.  




Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады. 2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген.

Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді. Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.