Алты бірдей қазақстандық кәсіпқой Америкаға аттанады

©instagram.com/yerbossynuly_aidos

Екінші орта салмақта WBA чемпионына міндетті қарсылас Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) тағы бірнеше қазақстандық боксшымен Сан-Диегоға (АҚШ) аттанады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Айдоспен бірге Америкаға Евгений Павлов, Бек Нұрмағанбет, Данил Семенов, Абылайхан Жүсіпов және Әбілхан Аманқұл барады. Дереккөздің хабарлауынша, боксшылар карьерасының дамуына оң әсер ететін кездесулер өткізіп, әлемнің мықты боксшыларымен тәжірибе алмасады.

Еске салайық, Ербосынұлы WBA чемпиондық белбеуіне ие Давид Морреллмен (6-0, 5 КО) айқасқа дайындалуда. Бұл жекпе-жек бойынша келіссөз өтіп жатыр. 

Бұл салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес екенін айта кеткен жөн. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport