Әлімханұлының промоутері Головкин - Чарло айқасы немен бітетінін ашық айтты

©Fightnews.info

Top Rank басшысы Боб Арум орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 КО) мен WBA/IBF титулдарына ие Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) жекпе-жекке шықса, не болатынын айтты, деп хабарлайды Fightnews.info.

"Қазіргі таңда Чарло жеңіп кетеді. Головкиннің жалындап тұрған кезінде Джермалл оған қарсы тұра алмас еді. Бірақ GGG бабынан тайды, ол күндер келмеске кетті. Сондықтан бұл айқаста Чарло жеңеді дер едім", - дейді Жәнібек Әлімханұлының ісін жүргізетін промоутер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport