Әлімханұлының бапкері "Канелоны" жеңген Биволдың қауіпті мексикалықпен айқасына болжамын айтты

©vRINGe.com

Қоластында Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) жаттығатын белгілі бапкер Бадди МакГирт жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) және мексикалық Хильберто Рамирес  (44-0, 30 KO) жекпе-жегіне қатысты болжамын айтты. 

Қарсыластар 5 қараша Абу-Дабидегі бокс кешінде кездеседі.

"Қызықты айқас. Рамирес үнемі қарсыластарына қысым жасап отырады. Мен әлі Биволдың Хильберто сияқты қысым жасайтын боксшымен жекпе-жекке шыққанын көрмедім. 

Оның солақай екені тағы бар. Рамирес ірі және үнемі қозғалыста. Ол кез келген қалыптан соққы жасайды. Бұл тамаша айқас. Қызықты болады", - деп береді бапкердің сөзін Fightnews.info.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport