Әлімханұлына Головкиннің ең қиын қарсыластарының бірімен айқас ұсынылды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

The Ring журналисті Энсон Уэйнрайт қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына (12-0, 8 КО) жаңа қарсылас тапты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бокс сарапшысы Жәнібекті кеше америкалық Джошуа Конлиді (17-4-1, 11 КО) жеңген украиналық Сергей Деревянченкоға (14-4, 10 КО) қарсы тамашалағысы келеді.

"Сергей Деревянченко өткен түні жеңіске жетті. Ол PBC-ден екенін білемін, бірақ, оның Жәнібек Әлімханұлымен кездескенін көргім келеді. Ауыздықсыз күш мызғымас затқа қарсы!" - деп жазыпты ол Твиттере.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport