Әлімханұлы WBC титулы үшін 24 жеңісі бар африкалық "Жазалаушымен" жұдырықтасады

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ боксшы Жәнібек Әлімханұлының (7-0, 3 КО) 9 қараша АҚШ-тың Фресно қаласында өтетін бокс кешіне қарсыласы анықталды. 

Аllboxing.ru порталының хабарлауынша, 26 жастағы қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBC Continental Americas белбеуін нигериялық Альберт Онолуносеге қарсы жекпе-жекте қорғайды. Африкалық кәсіпқой 24 жекпе-жегінде жеңіске жетіп (8 нокаут), екі кездесуінде жеңілген және бір рет тең түскен. 

17 тамыз Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде Жәнібек бесінші раундта канадалық Стюарт МакЛелланды нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалған еді.