Әлімханұлы келесі қарсыласын анықтады. Өтетін күні белгілі

23 қыркүйек 2022 03:30
©KEITH IDEC

Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) WBO белбеуін иеленгеннен кейін кәсіпқой рингтегі келесі қарсыласын анықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

BoxingScene.com сайтының мәліметінше отандасымыз ұлыбританиялық Дензел Бентлимен (17-1-1, 14 КО) қолғап түйістіреді.

Сонымен қатар, бокс басылымы қос спортшының 12 қараша күні Лас-Вегаста 12 раундтық айқас өткізетінін жазды. Дәл сол күні Әлімханұлы Top Rank ұйымдастырып отырған бокс кешінде жарақат алған Оскар Вальдесаның (30-1, 23 КО) орнына шығады.

Бұл жекпе-жек кешін ESPN+ телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport