Әлімханұлы 26 қарсыласын нокаутқа түсірген боксшымен айқасады

©SBS Turkey

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) кәсіпқойдағы келесі қарсыласы анықталды. 

BoxingScene мәліметінше, орта салмақта WBO чемпионы рингке 13 мамырда оралады.

29 жастағы Жәнібектің қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО).

12 раундтық жекпе-жек бокс кешінің басты айқасы болады. Алайда әзірге оның өтетін орын белгіленген жоқ. 

Бастапқыда Әлімханұлы бритнаиялық Лиам Смитпен (33-3-1, 20 КО) жұдырықтасу керек болған. Смит қаңтарда Крис Юбенкті (32-3, 23 КО) нокаутқа түсіріп еді, енді Юбенк келісімшарт бойынша қарымтаны талап етті. Осылайша, ол әзірге Жәнібекпен айқасқа алмайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport