Али Ахмедов IBF рейтингінде бір саты жоғарылады

©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) жаңартылған тізім жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жаңартылған тізім бойынша екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Али Ахмедов (18-1, 14 КО) жетінші орыннан алтыншы орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетейік, Ахмедов алдағы кездесуінде америкалық Габриэль Росадоға (26-15-1, 15 КО) қарсы шаршы алаңға шығады. Екі боксшы IBF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін сарапқа салады. Бұл жекпе-жек 17 қыркүйекте болатын Головкин - "Канело" трилогиясының андеркардында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport