"Әлемге қазақ стилі не екенін көрсеттім". Жәнібек орта салмақта кез келген қарсыласқа дайын екенін мәлімдеді

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle©

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұрынғы чемпион америкалық Роб Брантты (26-3, 18 КО) жеңгеніне қатытсы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Әлемге қазақ стилі не екенін көрсеттім. Роб Брант жайдан-жай әлем чемпионы болған боксшы емес, бірақ, мен арсеналымды толық көрсетуге шыққанмын. Рейтінгім жоғары, енді кез келген орта салмақтағы боксшымен кезіге аларыма сенімдімін. Бадди МакГиртпен тамаша жаттығу лагері болды. Бұл ауыр еңбектің жемісі", - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.

Еске салайық, Әлімханұлы өткен демалыста Лас-Вегастағы бокс кешінде жұдырықтасты. Алтыншы раундта ол Роб Брантты нокдаунға түсірді, ал сегізіншіден кейін америкалықтың командасы жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осыдан кейін Жәнібек орта салмақ чемпиондарын айқасқа шақырды

Мұның алдында қазақстандық боксшы Брантты жеңсе, мексикалық Хайме Мунгиямен (37-0, 30 КО) жекпе-жекке шығатыны айтылған еді.