Әлем чемпионы "Канелоның" денесінен екі осал тұсты тапты

© boxingscene.com
Екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (28-0, 13 КО) орта дивизионда WBA (Super) және WBC (Franchise) бебеулерінің иегері Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) жұдырықтасса, жеңе алатынына сенімді.

Sky Sports арнасына берген сұхбатында Сондерс өзінің "Канело" үшін стиль жағынан өте ыңғайсыз екенін мәлімдеді. Британиялық боксшы 2014 жылы Альварес кубалық Эрисланда Лараны (25-3-3, 14 КО) төрешілер шешімімен ғана жеңгенін еске салды. Кубалық та стилімен ерекшеленеді. 

Сонымен бірге, Сондерс мекискалық боксшының тізе мен шынтақ жарақаты өз әсерін бергенін айтады.

"Жекпе-жекті жасайтын - стиль. Оның Ларамен үлкен қиындығы болды. Меніңше, Лара ол жекпе-жекте жеңді, ал ол кезде "Канелоның" күш-қуаты мол еді. Ал қазір Альварестің тізесі мен шынтағына демеу қажет", - дейді Сондерс. 

Айта кетейік, 2017 жылы қарашада Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) бірінші жекпе-жектен кейін қолына операция жасатқан, ал 2018 жылы тізесін "тазартты". Биыл шілдеде мексикалық көпшілік алдына балдақпен шықты, ал оның промоутері Эрик Гомес боксшының сол тізесімен қиындықтар барын растады.